«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өткізілді » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өткізілді
01
октябрь
2019

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өткізілді

 "Өндіріс орта мектебі"КММ-де  2019 жылдың 1 қазанында оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында, мектебіміздің директоры Ж.Т.Сеилханов пен мектеп ұжымының ұйымдастыруыменен  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өткізілді. Ақ дастархан басында әжелер мен аталарға Таныпова Ажардың  арнауын, 1-11 сыныптың оқушылары орындаған қарт адамдар туралы шын жүректен шыққан әндерін, әсем билерді, сонымен қатар 5- сыныптың жетекшісі М.Т.Базарбаеваның дайындауымен  қарт адамдар үйі туралы шағын көріністі тамашалады.   Мектеп ұжымы және кәсіпкерлер Дарментаева Бақытжан, Шамгунов Аслан, Копабаева Гүлназ демеушілік көрсетті.