«Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы
10
сентябрь
2019

«Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. 

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектебімізде «Парасатты азамат» бұрышы шығарылып , «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, сенім телефоны орнатылып өз жұмысын атқаруда. Ата-аналар жиналысында мектеп ұжымы мен қызметкерлеріне құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға , оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді.  Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында бейнеролик шығарылып,   «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты, мектептің 8-11 сынып оқушыларына «Жемқорлық-коғам дерті!» тақырыбында пікірталас, мектептің ұстаздарымен қызметкерлеріне блиц-сауалнама жүргізілді. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. Оқушыларға әсері мол болды.