«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталықта өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
Мектебімізідің 6-12 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында жоспарға сай апталық өткізілді. Мектеп психологы М.Т.Касымжанованың жүргізілуіменен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған балалар және жастар арасында 1-11 сынып оқушыларына «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында акция өткізілді. Акцияда мектеп оқушылары ағаш жапырақтарына отбасы туралы мақал-мәтелдерді жазып, қандай мағына білдіретін талқылап, ағашқа жабыстырды. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті. Қаржылай көмек көрсеткен ТОО «Long xin» компаниясы.
Ата-аналармен балаларды әр түрлі іс-шараға тарту барысында «Ата-ана және мен» тақырыбында кітапханашы Шайкенова Бақыт Тікешқызы 8-сынып оқушыларына ата-анасымен дөңгелек стол ұйымдастырды.
Баланы ата-ананы, үлкендерді құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу барысында «Ата-ана құрметтеу-әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыбында информатика мұғалімі Ошақбаева Самал Ерланқызының ұйымдастырумен 11-сыныпқа видеоролик жасатты.
Шығармашылық өнер арқылы отбасы өнерін насихаттауға байланысты «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыпта 1-4 сынып аралығында өлеңдер оқылды. Сонымен қатар 5-сынып «Бақытты отбасы», «Отбасы менің қуатым» 6-сынып, «Отбасы асыл қазынам» 7-сынып, «Отбасы адам тұлғасының бесігі»10 сынып тәрбие сағаттары өткізілді.