«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты тәрбие сағатына ақпарат
2019 жылдың 2-қыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларына «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: мемлекеттік мереке – Конститутция күні, отаншылдық сезімін, жоғары азаматтықты, парасаттылықты бойларына сіңіру. Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру. «Адалдық сағатында» арнайы әзірленген видиороликтер көрсетілді. Оқушылар арасында викториналық сұрақтар ойнатылып, сыбайлас жемқорлықтың қорлығы жайында және алдын алу жолдары жайында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен талқыладық. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, сөйлеу қабілетін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарын сіңіру болатын. ![]()
![]()
![]()
![]()