08
октябрь
2019
Жалпы ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 8-қазан күні Өндіріс орта мектебінде қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста қаралған мәселелер:қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.Ошакбаеваның денсаулығына байланысты ұйымнан шыққаны және оның орнына Құмарова Динараны дауыс беру арқылы таңдап алды. Жиналыс барысында мектеп директоры Ж.Т.Сеилханов: сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық ҚР азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті екенін айтты. Сонымен қатар тәрбие ісінің меңгерушісі М.М.Сейтенова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – бірге күресейік» атты тақырыбымен баяндама оқыды. Жиналыста басқа да түрлі тақырыптар қозғалып, ата-аналар өз ойларымен ұсыныстарын ортаға салды.


