«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» психологиялық апталығы » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» психологиялық апталығы
30
январь
2023

«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» психологиялық апталығы

«Өндіріс орта мектебі»КММ-де Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, психологиялық ахуал тудыру, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қаңтар айының 30 күні «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» психологиялық апталығы басталды. Алғашқы күн:
«Түрлі түсті күн» деп аталды, бұл күннің ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» Үлкен үзілісте мұғалімдер мен оқушыларға өзіне ұнаған түсті таңдау ұсынылды.Қолданылған түстер 7 түсті Люшер тестінің түстері, тестің интерпритациясы психологиялық стендке ілінді.
Таңертеңнен сабақ жүргізетін ұстаздарға тілек жазылған жүрекшелер таратылып, сабақта жауап берген оқушыларға «Рахмет» айтылып берілді.Түстен кейінгі уақытта кезекті жоспарлы түрде жүргізілетін қарт адамдарға көмек көрсету мақсатында «Тимур» командасы жұмысы жүргізілді.