Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы
26
август
2022

Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы

Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы

ШҚО білім басқармасы Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімі ММ бөлім басшысы жанындағы мектеп директорлары және қамқоршылық кеңесінің 10.08.2022 ж №10 хаттамасы негізінде 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрыққа сәйкес, 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру , жұмысын жандандыру мақсатында «Өндіріс орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіру бойынша ата-аналарға хабарлама. Құрметті ата-аналар! «Өндіріс орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіру үшін өтініш білдірулеріңізге болады. 

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
 сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес  -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.      
Қамқоршылық кеңестің мақсаты
1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары
1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;  
2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; 
3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері
·  Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
·  Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
·  Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
·  Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
·  Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
·  Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
·  Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.
«Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже»
Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі нормативтік актілерімен белгіленеді:
1.    ҚР «Білім туралы» Заңы 44 бап, 9 тармақ;
2.    Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 2017 жылғы 27 шілдедігі №355 «Қамқоршылық кеңестің Үлгілік ережесін және сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығы;
3.    2017 жылғы 27 шілдедігі «Қамқоршылық кеңестің Үлгілік ережесі және сайлау тәртібі»;
Қамқоршылық кеңес құқылы:
·    Білім беру мекеме жетекшілігінен, қажет болса, оның орынбасарларынан, педагогика жұмысының жағдайы туралы ақпарат алу;
·   Білім беру мекемесіндегі оқушылар білім және тәрбие алу, сондай-ақ олардың денсаулықтарын нығайту және тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тиімді жағдай жасау бойынша әкімшілікке ұсыныстар енгізу;  
· Білім беру мекемесінің дамытуына үлес қосатын қайырымдылық және басқа да ұйымдарымен қарым-қатынас жасау;  
· Заңды және жеке тұлғалардан түскен жарналарын мақсатты пайдалану бойынша қоғамдық бақылау жүргізу.