04
декабрь
2023
«Еріктілер күніне» орай, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында өткізілген «Мен волонтермын!» акциясы
2-желтоқсан күні «Еріктілер күніне» орай, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында өткізілген «Мен волонтермын!» акциясының негізінде Бесқарағай ауданы, Өндіріс орта мектебінің 8-сынып оқушыларынан құрылған «Жас Өркен» жасағы және жетекшілері Ерғожина Айымгүл Нұрланқызы, 9-сыныптан 2 фракция мүшелері ауылымыздың тұрғыны, қазыналы қария Бақыт апаның үйіне қолғабыс көрсетуге барды.
Балалар түгелдей келіп, белсене қатысып, апаның ауласындағы ұсақталған отынды қалап берді. Оқушыларды осындай іс-шараларға қатыстыру мақсатымыз, қарттарға көмек көрсете отырып, өз ата-аналарына деген, жасы үлкен кісілерге ізгілік көрсетіп, шамалары келгенше көмек қолын созу. Сонымен қатар «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» дегендей есесіне қарияның ақ батасын алып, мәз-мейрам болып тарасты.
«Жас Өркен» жасағының жетекшісі: А.Н.Ергожина
https://www.instagram.com/p/C0a25KDtheF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==