«Ананның аялы алақаны - тәрбие жолы» » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ананның аялы алақаны - тәрбие жолы»
07
октябрь
2022

«Ананның аялы алақаны - тәрбие жолы»

2022 жылдың 5 қазан күні Өндіріс ауылында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына» және «Балалар жылына» орай "Рухани жаңғыру" Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қарттар күніне» арналған «Ананның аялы алақаны - тәрбие жолы» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталов, «Отбасындағы толерантты тәрбиелеу жөніндегі аудандық Аналар Кеңесінің» төрағасы Р. Н. Кисамиева, округ әкімі С. М. Байқадамов, Бесқарағай ауданы Достық үйінің директоры И. С. Калтаева, «Отбасындағы толерантты тәрбиелеу жөніндегі Аналар Кеңесінің» Қарабас ауылдық округі бойынша төрағасы С. К. Оспанова қатысты. Өндіріс ауылының қатысушылары белсенді қатысты: Г. К. Молдабаева, Ж.Б. Бигеева,Р. М. Сабиева өздерінің барлық шеберліктерін көрсетті. Р. М. Сабиева аудандық турға өтті. Қарттар күнін мерекелеу құрметіне Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталов, «Отбасындағы толерантты тәрбиелеу жөніндегі аудандық Аналар Кеңесінің» төрағасы Р. Н. Кисамиева, округ әкімі С. М. Байқадамов, «Отбасындағы толерантты тәрбиелеу жөніндегі Аналар Кеңесінің» Қарабас ауылдық округі бойынша төрағасы С. К. Оспанова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, Т. Қожахметовке алғыс хаттар табыс етті. Г. Е. Узикбаеваға Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Т.Тастенбеков, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталов Б. Исатаеваға, М. Шаяхметоваға, Б. Құдабаеваға, сондай-ақ Қарабас ауылдық округінің әкімі С. М. Байқадамовқа алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін мерекелік дастархан жайылды.