07
март
2023
8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған
Мектебіміздің ер азаматтары мен оқушы ұлдарымыздың Арулар мерекесіне орай ұйымдастырған өнер сайысы жоғары деңгейде өтті. Мектебіміздің директоры Сейлханов Ж.Т. бастамасымен ер азаматтар 3 топқа бөлініп ән, әзілдерімен сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша Тоқанов Арнұр Маратұлының тобы жеңімпаз атанды. 2- орын Касымгожин Дастан Тастүлекұлы мен Жұманбаев Нұрлан Жұманбайұлының тобы, 3-орынды Сейтенов Рафаил Агамедұлының тобы иеленді. Аяулы аналарымыз бен келген қонақтарға тамаша көңіл күй сыйлады. Алғысымызды білдіреміз.