06
май
2022
Бесқарағай ауданы әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

Оқуда, шығармашылықта жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды оқушыларды құрметтеу мақсатында 2022 жылғы 5 мамырда Бесқарағай ауданың әкімі Ж.Б. Байсабыровпен дарынды оқушылардың кездесуі өтті.
Іс-шара аудандағы балалар жылының салтанатты түрде басталуы болып табылады. Кездесу оқушылар бойында патриоттық сезімді, білімге ұмтылуды және өңірдің талантты жастарын қолдауды тәрбиелеу мен қалыптастыруға бағытталған.
Кездесуге республикалық зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары - дарынды оқушылар шақырылды.
Кездесу дөңгелек үстелде еркін қарым-қатынас форматында өтті. Өз сөзінде Жарқынбек Борашұлы дарынды жастар кез келген мемлекеттің мақтанышы және болашақ олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты екенін, ал балалардың жетістіктері ауданының имиджі мен беделін қалыптастырады деп атап өтті.
Оқушылар өз кезегінде жетістіктері мен табыстары туралы айтты. Алған әсерлерімен бөліскен балалар жасалып жатқан жағдайлар үшін алғыстарын білдірді және өздеріне артылған үміттерді ақтау үшін аянбай білім алып, еңбектенуге уәде етті.
Кездесу аясында республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстардың жүлдегерлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесу соңында дарынды балаларға аудан әкімінің атынан грамоталар табыс етілді.
Өндіріс орта мектебі КММ-нен 7-сынып оқушысы Тоқболатов Азамат және 10-сынып оқушысы Молдахметова Шырайлым қатысты.