31
март
2023
"ROBOBALAPAN - 2023" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
«ROBOBALAPAN-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
🎯Шара балалар мен ересектер арасында робототехника тақырыбын дәріптеуді, балалар мен олардың ата-аналарын бірлескен шығармашылық жұмысқа ынталандыруды, баланың білім беру қызметіне серіктес ретінде тартуды мақсат етеді.
💬Қазір біздің балалар кеңістікті толық цифрландыру жағдайында өсуде. Олар ерте жастан бастап компьютерлерге, смартфондарға, Интернетке, дрондарға таң қалмайды. IT саласын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтемін. Кішкентай бағдарламашылардың мамандыққа деген қызығушылығын қолдау маңызды, – деп, Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.
💬– Біз бәріміз балаларымыздың дамуына ерекше назар аударуға тырысамыз, өйткені олар - біздің басты байлығымыз. Мұнай емес, экспорт емес, пайдалы қазбалар емес-балалар. Кім біледі, мүмкін біздің бүгінгі қатысушыларымыздың арасында Болашақ Илон Маск тұр!…- «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің тең құрылтайшысы Бейсембаев Асхат Асқарұлы.
💬- Өркениет өрісіне ілесуде заманауи технологиялық үдерісті дер кезінде енгізіп отыру керек. Әсіресе, робот технологияны меңгеру маңызды. Қазіргі таңда Қазақстанның әр өңірінде турнирлер өткізіп, өз идеяларымызды іске асырып,түрлі ұйымдармен байланысып, еліміздегі талантты жастардың бойындағы дарынын оятып, жетілдіруге атсалысудамыз, - “Казроботикс” Федерациясының Президенті Жекеева Айжан Ахмеджанова.
🏆І орынды Абай ауданы Абай атындағы ММГИ «Intellect» тобы, Семей қ, «№4 Балдәурен» бөбекжайы «Балдәурен» тобы иленді.
ІІ орынға Жарма ауданы, Абай атындағы мектеп-балабақша «Robotics» тобы, Бородулиха ауданы, Н.Островский атындағы орта мектеп «Фиксики» тобы ие болды.
ІІІ орынды Бесқарағай ауданы, Өндіріс орта мектебі «I-robot» тобы, «Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебі «Юный техник» тобы алды.
📌Жеңімпаз командалар «ҚазРоботикс» Федерациясының диплом және медальдарымен марапатталды, сондай-ақ барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді. Үздік командалар фестивальдың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын қорғайды.