Табиғат – жаратылыс пернесі.
14 қыркүйек күні Өндіріс орта мектебінің 5-11 сынып оқушылар арасында «Алтын күз» мерекесі табиғат аясында өтті. Бұл дәстүрлі мереке күз кереметтерін көрсете отырып, оқушыларды экологиялық, эстетикалық, адамгершілікке баулу тұрғысынан жағдай жасайды. Өміріндегі маңызды қатынас – табиғатпен байланысын сезініп, оған қорғаушы болуға талпындыра түседі. Ең негізгі мәні – еңбек адамдарының маңдай терімен келген молшылықтың қадірін білу, еңбекті бағалау, табиғатты қорғау. Оқушылар арасында викториналық, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Әр сынып оқушылары дастархан жайды. Барлық ойындарға оқушылар белсене қатысып, күздің сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын тамашалап, қуанышты көңіл күймен қайтты.