"Менің сүйікті кітабым" » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің сүйікті кітабым"
28
февраль
2024

"Менің сүйікті кітабым"

«Оқуға құштар мектеп»челленджі
Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті –
білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және
кітап оқудың құндылық ретіндегі беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу – еркін
сөйлейтін, ойын дұрыс жеткізетін, сауатты жазуға қабілетті ақыл-ойы дамыған,
рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаны әлеуметтендірудің және
дамытудың маңызды құралы.
Кітап оқу өз кезегінде білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Көркем әдеби-шығармаларды оқу негізінде білім алушылардың рухани дүниесін байиды, ой-
өрісі мен дүниетанымы кеңейеді.
«Оқуға құштар мектеп» челленджіотандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау
қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады.
Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді
кітап оқуға тарту.
Міндеттері:
 Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық
қиялын дамыту
 Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту
 Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті
кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарым-
қатынас жасау мәдениетін дамыту
Оқуға құштар мектеп челленджі – кітап оқу мәдениетін дәріптеу
Ұйымдастыру: барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта білім алушылар өздері таңдаған кітабынан үзінді оқиды және басқа қатысушылармен ой бөліседі
Челлендждің өтетін орнын әр білім беру ұйымы дербес таңдайды және қатысушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет «Сүйікті кітабым» көрмесін ұйымдастырылды.

 https://www.instagram.com/p/C34_i_Ft6a8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

#оқуғақұштармектеп
#люблючитать
#моялюбимаякнига