Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау туралы. » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау туралы.
18
сентябрь
2023

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау туралы.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.

Мектептердің оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың мектептерді басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Сайлау оффлайн түрде өтеді.
Өткізу орны: ІТ кабинеті.
Сағат 9:00-де басталады.
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары және ұстаздар.