Ұлы Жеңіске -75 жыл "Ер есімі-ел есінде" » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Жеңіске -75 жыл "Ер есімі-ел есінде"
09
май
2020

Ұлы Жеңіске -75 жыл "Ер есімі-ел есінде"

Жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі келіп жетті. Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі - Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. 9 - мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқан батырларымызға арнап ауылымыздың төрінде ескерткіш орнаттық. Ескерткіш эскизінің авторы, жұмысты ұйымдастырушысы мектебіміздің директоры Сеилханов Жумат Таукенович. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында дүйім жұрттың басын қосып, үлкен ескерткіштің бой көтеруіне үлкен үлесін қосты. Бұл ескерткіштің бой көтеруіне ауылымыздың азаматтары мен азаматшаларының қосқан үлесі зор. Атап айтатын болсам, зейнеткерлері, мектеп ұжымынан бастап, 1962, 1966, 1968, 1970, 1971, 1979, 1980, 1981, 1983, 1987 жылы туылған түлектер қостап, жүректері «Ауылым» деп соғатын, бүгінгі күннің Атымтай жомарттары да игі істен шет қалмады. Ескерткіштің бой көтеруіне үлес қосқан барлық жандарға алғысымыз шексіз!

Барлық жерлестерімді, ауылдастарымды Ұлы Жеңіс күнімен және де Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Баршаларыңызды және отбасыларыңызды осындай тамаша мереке күндерімен шын жүректен құтықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!