«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» алғашқы қоңырау мерекесі » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» алғашқы қоңырау мерекесі
12
сентябрь
2019

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» алғашқы қоңырау мерекесі

2019 жылы 1 – қыркүйек күні «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Мерекенің қадірлі қонақтары Қарабас ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Шадиев Қайрат, Өндіріс ауылының бас маманы Шамгунов Бауыржан, ауылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Каримов Нұрыбек ағаларымыз қатысты. Сеилханов Жумат Таукенович алғашқы қоңырау мерекесімен қонақтарымызды, ардагер ұстаздарды, мектеп ұжымын сонымен қатар, алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған оқушыларды құттықтап, зор денсаулық тіледі. Оқу ісінің меңгерушісі Айтбуланова Кулимхан Калембековна мектеп бұйрықтарымен таныстырды. Г.Б. Шаяхметова, А.Н.Ергожина аудандық білім беру бөлімінің басшысының грамотасымен, К.К.Айтбуланова Республикалық «Жыл үздіктері – 2019» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылып диплом және төс белгімен марапатталды. А.Е.Узханова жетекшілік ететін 1-сынып оқушылар өздерінің дайындаған номерлерін паш етті.