2022 жылғы 7 ақпан күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» аудандық жас ақындар айтысы өткізілді. » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 жылғы 7 ақпан күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» аудандық жас ақындар айтысы өткізілді.
07
февраль
2022

2022 жылғы 7 ақпан күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» аудандық жас ақындар айтысы өткізілді.

2022 жылғы 7 ақпан күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» аудандық жас ақындар айтысы өткізілді.
Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:
- мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырып салмалық қабілеттерін, тума талант , табиғи дарындарын аңықтау;
- олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
- айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру, осы байқауға сәйкес жыр-терме үрдісін жаңғырту.
Аудандық жас ақындар айтысы нәтижесі бойынша:
1 орынды – Шырайлым Молдахметова «Өндіріс орта мектебі» КММ. Жетекшісі Күлпаш Тлектесқызы Жумабекова.
2 орынды Әйгерім Мекеш «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ. Жетекшісі Ғазиза Төлеуғалиевна Жұмағазина.
3 орынды Айым Рамазанова «Коянбай орта мектебі» КММ иеленді. Жетекшісі Әсел Нұрғазықызы Байғалиева.

Облыстық кезеңіне Шырайлым Молдахметова «Өндіріс орта мектебі» КММ оқушысы жолданады.

Өндіріс орта мектебінің ұжымы атынан жетекшісі Қазақ тілі мен әдебитеі пәні мұғалімі Жумабекова Кульпаш Тлектесовнаға шығармашылық жетістіктер және Шырайлымға биік шыңдарды бағындыра беруін тілейміз!

«Жыр алыбы – Жамбыл» аудандық жас ақындар айтысына қатысқан барлық жетекшілерді және қатысушыларды құттықтаймыз!