Қарабас ауылдық округі учаскелік инспекторы Кабенов Б.С. мектеп қызметкерлерімен «Интернет алаяқтық» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. » Өндіріс ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Өндіріс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72236) 22-9-22
Есепші бөлімі:
+7(72236) 9-12-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарабас ауылдық округі учаскелік инспекторы Кабенов Б.С. мектеп қызметкерлерімен «Интернет алаяқтық» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
23
январь
2024

Қарабас ауылдық округі учаскелік инспекторы Кабенов Б.С. мектеп қызметкерлерімен «Интернет алаяқтық» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Соңғы кездері қазақстандықтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыратын алаяқтар телефон соғуда. Олар сіздің депозитіңізге қауіп төнгенін хабарлайды, ақшаны жедел шешіп алуды немесе депозитті «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынады. Бұл айлаға берілмей, керісінше банкке жедел түрде қоңырау шалыңыз!
Алаяқтардан бір қадам алда болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектесетін тағы бірнеше кеңестер:
— Жеке деректеріңізбен ешкіммен бөліспеңіз! Телефон алаяқтарының, әсіресе несиелерді немесе шоттарды жабу туралы өтініштерінен сақ болыңыз.
— Ақшаны аудармас бұрын алушының мәліметтерін тексеріңіз.
— Ешқашан SMS-те көрсетілген код пен PIN-кодтарды үшінші тұлғаларға, тіпті туыстарыңызға айтпаңыз.
Күдікті жағдайларға тап болсаңыз, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Өзіңізге және қаржыңызға қамқор болыңыз! Алаяқтардан бір қадам алда болыңыз!
https://www.instagram.com/p/C2byO7stbLE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​