1–4 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында 3-4 сыныптарда ата-аналармен дөңгелек үстел өтілді.
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
бойынша жүргізілген жұмыстың есебі.
1–4 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында 3-4 сыныптарда ата-аналармен дөңгелек үстел өтілді. Мектеп психологы М.Т.Касымжанова «Бақытты отбасында-бақытты балалар» тақырыбында ата-аналарға баяндама оқыды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оған ден қою бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі және Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығы.( Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022жылғы 21 желтоқсанда № 31180 болып тіркелген). Баланы жәбірлеудің (буллингтің)профилактикасы қағидаларына сай білім беру мекемесінде оқушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында ата-аналарға арналған ұсынымдар:
- оқушыларды қорғау және олардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша мектептегі ұйымдастырушылық , ақпараттандыру, оқыту іс –шараларына « балалар – ата-аналар» бағдарламаларына қатысуды назардан тыс қалдыруға ;
- оқушыларға тәрбиенің күштеу әдістерін, қатал жазалау және тәртіп шараларын қолдануға, олардың жасына,мүмкіндіктеріне, қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін міндеттер мен талаптар қоюға;
- мектеп қызметкерлерінің қатысуынсыз мектепте болған инциденттерді, қақтығыстарды өз бетінше шешуге, басқа оқушыларға физикалық әрекеттер мен психологиялық қысым көрсетуге (оның ішінде әлеуметтік желілерді, ата-аналар чаттарын және т,б. пайдалана отырып) тыйым салынатындығын айтып өтті. Сынып жетекшілері «Білімдіге дүние жарық» -дегендей оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі жайында айтып өтті. «Менің балам» атты тренинг өткізді. «Айналма бекеттер» әдісі арқылы ата-аналар жағдаяттарға жауап берді. Бірігіп жұмыс жасаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «мұнара құру» ойынымен дөңгелек үстеліміз аяқталды.
Посмотреть онлайн файл: oldau-esep.pdf